USD
USD
USD

Миландағы Олимпиада: Қазақстан құрамасы жалғыз медальмен 19-орынға жайғасты

Италияда өткен XXV қысқы Олимпиада ойындарында Михаил Шайдоров жеңіп алған алтын медальдің арқасында Қазақстан құрамасы жалпы есепте 19-орынға тұрақтады. 

.
Фото: Сали Сабиров

Астана, NEGE. Спорт және туризм министрлігінің мәліметінше, ұлттық құрама 1994 жылдан бері алғаш рет қысқы Олимпиадада үздік 20 елдің қатарына енді.

«Отандастарымыз қысқы спорт түрлерінен дәстүрлі түрде жүлде алып жүрген, үздіктер санатындағы Финляндия, Польша және Бельгия құрамаларын артта қалдырды», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Қазақстан атынан қысқы Олимпиада ойындарына спорттың 10 түрі бойынша 36 атлет (18 ер, 18 әйел) қатысты.

Миланда өткен жарыста Норвегия құрамасы 41 медаль жеңіп алып, көш бастады. Үздік үштікке АҚШ пен Нидерланд құрамалары енді.

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева