Депутат орыстілділерді қазақ тілін үйренуге үндеді

Депутат Сергей Пономарев қазақ тілін орыстілді халық арасында белсенді түрде үйрену қажет екенін айтты.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оның пікірінше, бұл қоғамның тұтастығын нығайтып, бірлікті сақтауға сеп болады. 

Мәжіліс депутаты орыстілді азаматтарды мемлекеттік тілді үйренуге көбірек көңіл бөлуге үндеді. Ол қазақ тілін меңгеру — жеке даму мен қоғамдық келісімді күшейтудің маңызды жолы екенін атап өтті.

Депутат халықаралық ахуалға және сырттан ішкі жағдайға ықпал ету әрекеттеріне алаңдаушылық білдірді. Осындай кезеңде қоғамның бірлігін сақтау, іріткі салатын арандатуларға жол бермеу аса маңызды екенін айтты.

Пономаревтың сөзінше, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту — саяси ғана емес, стратегиялық міндет. Оның түрлі салада белсенді қолданылуы ұлттық бірегейлікті нығайтып, елдің тұрақты дамуына жол ашады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?