Депутат әкімшілік амнистияны «екі ұшты таяқ» деп бағалады

Депутат Бақытжан Базарбек әкімшілік амнистияны «екі ұшты таяқ» деп санайды. Ол мас күйде көлік жүргізгендерді кешіруге қарсы екенін айтты. 

ҚР Парламент Мәжілісі

Астана, NEGE. Мәжіліс депутатының айтуынша, жүргізуші куәлігінен айырылғандардың бір бөлігі жазаны әділетсіз деп санайды. Алайда мәселенің екі жағы бар. Бұл адамдар мас күйде рөлге отырғаны үшін жауапқа тартылған, ал олардың қайта көлік жүргізуі айналасындағыларға нақты қауіп төндіреді.

«Бұл – екіұшты мәселе. Бірі өзін жапа шеккендей көреді. Бірақ біз бір нәрсені ұмытпауымыз керек. Бұл – транспорт. Олар мас күйде көлік жүргізгені үшін құқығынан айырылды. Көшеде сіздің де балаңыз, жақыныңыз жүруі мүмкін. Ал мұндай жүргізушілердің қайта рөлге отыруы – үлкен қауіп. Мен бұған қарсымын», – деді ол.

Ал Сенат депутаты Марат Қожаев әкімшілік амнистия мәселесіне кеңірек тоқталып, бұл бастама Қазақстан тарихында алғаш рет қолға алынғалы жатқанын атап өтті. Оның сөзінше, әкімшілік құқық тек жол ережесін бұзғандармен, мас жүргізушілермен шектелмейді.

«Көпшілік әкімшілік құқықты тек жол қозғалысы ережесін бұзу немесе қоғамдық орында тәртіпсіздік жасау деп түсінеді. Бірақ бұл әлдеқайда кең сала. Мұнда экология, салық, тұрғын үйлердегі тыныштықты бұзу сияқты көптеген құқықбұзушылықтар бар. Қай санаттарға амнистия қолданылатынын қазір нақты айту қиын. Бұл – мұқият талқылауды қажет ететін маңызды мәселе», – деді министр.

Сондай-ақ, ол амнистия жазаны түпкілікті жою емес екенін түсіндірді. 

Қазір оқып жатыр

Депутат: Санжар Боқаевқа тағылған айып бойынша бас бостандығынан айыру жазасы көзделген

Ақтөбе облысында төбелес кезінде 17 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қаза тапты

«ЦОН-дардағы» парақорлықты мемлекеттік корпорацияның өзі анықтаған

Алатау офшорлық аймақ болмайды – Бозымбаев