Демалыс күндеріне арналған ауа райы  

Қазақстан бойынша алдағы демалыс күндеріне ауа райы болжамы ұсынылды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

Алматы, NEGE. «Алдағы демалыс күндеріндегі ауа райын әдеттегідей Сібір антициклоны анықтайды. Сондықтан, республиканың басым облыстарында ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен төмен және жауын-шашынсыз болады. Ауа райының қауіпті құбылыстарынан бұрынғыдай түнгі және таңғы уақыттарда 50...500 м дейін анық көрінбейтін тұман түседі», – делінген жұмада таратылған 30 қараша – 2 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамында.

Синоптиктердің айтуынша, тек батыста және дүйсенбі күні Қазақстанның оңтүстігінде атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын жауады және көктайғақ күтіледі.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты