«Дарынды спортшы»: Татьяна Тарасова Михаил Шайдоровтың шеберлігін жоғары бағалады

КСРО-ға еңбек сіңірген жаттықтырушы Татьяна Тарасова қазақстандық спортшы Михаил Шайдоровтың Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарындағы жеңісіне қуанышты екенін айтты.

Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Ол «Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында Шайдоровтың шеберлігіне жоғары баға беріп, спортшының бағдарламаны таза орындағанын атап өтті.

«Шайдоров пен оның бапкері үшін өте қуаныштымын. Дарынды спортшы Олимпиадада жеңіске жетті. Ол секіру элементтерін өте таза орындады, техникалық ұпайы да жоғары болды», — деді Тарасова.

Айта кетейік, жарыста ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Петр Гуменник алтыншы орын алса, әлем чемпионы Илья Малинин сегізінші орынға тұрақтады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Ал әнші Димаш Құдайберген спортшыға автокөлік сыйлады.

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр