USD
USD
USD

«Неткен той!»: Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа көлік сыйлады

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Италиядағы қысқы Олимпиада ойындарында сенсация жасаған мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровқа автокөлік сыйлады.

Димаш Құдайберген
Фото: Димаш Құдайберген/Instagram

Астана, NEGE. Михаил өзінің еркін бағдарламасында Димаш орындайтын «Confessa, the Diva Dance» әуенімен өнер көрсетті.

Димаш өзінің орындауындағы әнді таңдағанына алғыс білдіріп, спортшының өнеріне жоғары баға берді.

«Құрметті ағайын, неткен мереке, неткен той! Мишабай, мұз үстіндегі шебер қимылың мен өнерің сені тек чемпион ғана емес, күллі елге үміт пен жігер, шабыт сыйлаған үлкен тұлға ретінде танытты.

Еліміздің саңлағы, менің досым, халқымыздың маңдайына біткен асыл перзенті Денистің жолын жалғап, оның алдындағы әрі ел мен халық алдындағы жауапкершілікті абыроймен атқардың», – деді Димаш Құдайберген.

Президент Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева