«Дариға Назарбаева немерелерімен бірге Астанаға ұшып келді»

Әлеуметтік желіде Дариға Назарбаеваның Дубай әуежайынан немерелерімен бірге Астанаға ұшпақ болған жерінде түсірілген фотосы тарады. 

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Суретті журналист Сырым Итқұлов телеграм каналында жариялаған. Оған суретті оқырмандары жіберген.

Естеріңізге сала кетейік, бұрын Дариға Назарбаева мен Қайрат Шәріпбаевқа қатысы бар компанияға тиесілі болған Астанадағы «Думан» қонақ үй кешені мемлекетке қайтарылған болатын. Қонақ үймен бірге жалпы құны 89,9 миллиард теңге болатын 70 түрлі нысан мен мүлік мемлекет пайдасына өтті.

Сонымен қатар Дариға Назарбаеваның «Астана Опера» кеңесінің құрамынан шығарылғанын хабарлаған едік. Мәдениет және ақпарат министрінің «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының Қамқоршылық кеңесінің құрамын өзгертуге қатысты бұйрық жобасы шыққан болатын. Ол 3 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады