Даниал Сапарбай бокстан Бразилиядағы әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық боксшы Даниял Сапарбай Фос-ду-Игуасуда (Бразилия) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдеге ие болды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Отандасымыз 90 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен еді.

Даниял Сапарбай жартылай финалда өзбекстандық Жахонгир Зокировқа 0:5 есебімен жол берді. Нәтижесінде үшінші орын алды.

Сондай-ақ, 4 сәуірде Нұрсұлтан Алтынбек, Диас Молжігітов, Дәулет Төлемісов, Жазира Орақбаева, Ұлжан Сәрсенбек финалға шығу үшін бақ сынайды.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты