COVID-19: Әлемдегі жағдай

АҚШ-тағы Джон Хопкинс университеті COVID-19 дертінің таралу ауқымы туралы бүгінгі дерегін жария етті.

Алматы, NEGE. 27 наурыз күнгі таңғы дерекке қарағанда, әлем бойынша коронавирустан 24 мың адам көз жұмған. 531 мың адам дерт жұқтырып, оның 122 мыңы ауруынан айығыпты. Вирус 175 елге дендеп кіріп үлгерген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі сәл өзгешелеу. ДДСҰ қаза болғандардың саны 21 мыңнан асып, жұқтырғандар  495 915-ке жетті дейді. Сондай-ақ ұйымның дерегінше, дерт 200 мемлекетке тараған.

Қазір оқып жатыр

Ресейде жаппай төбелестен кейін Қазақстан азаматтары ұсталды

Temu маркетплейсінің табысы төмендеді

Рахмоновтың жұбайы 5 жылға сотталды

Астанадағы ең танымал монша тағы да сатылымға шығарылды