Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

Елде Чернобыль апатының салдарын жоюға атсалысқан азаматтардың жәрдемақысын арттыру мәселесі қарастырылмайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді.

istockphoto.com

Астана, NEGE. Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте NEGE тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевқа Чернобыль ардагерлеріне төленетін жәрдемақының инфляцияға ілеспей отырғанын айтып, оның бүгінде 18–24 мың теңге шамасында қалып қойғанына қатысты сауал қойды.

Министрдің сөзінше, жәрдемақыны ұлғайту мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. 

«Әлеуметтік төлемді өсіру мәселесі күн тәртібінде жоқ. Келесі жылы да жоқ. Қарастырылмайды. Себебі бізде тек сіз айтқан емес, барлық әлеуметтік төлемдерді көтеру қарастырылып отырған жоқ»,– деп жауап қатты министр.

Оның сөзінше, қолданыстағы саясат бойынша әлеуметтік төлемдер тек инфляция қарқынына қарай индексацияланады. Яғни жәрдемақы көлемін жүйелі түрде арттыру емес, тек баға өсіміне бейімдеу ғана қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Егеуқұйрық уы анықталды делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Ресей Қазақстанның Германияға тасымалданатын мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін

«Шетелдіктер қарумен ұсталды»: полиция депутаттың мәлімдемесін теріске шығарды