Бюджет-2026: Үкімет дамудың басым бағыттарына 1,4 трлн теңгені қайта бөледі

Мәжілістің жалпы отырысында «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы бойынша баяндама жасай отырып, қаржы министрі Мәди Такиев құжаттың 2030 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде Бюджет кодексіне сәйкес дайындалғанын атап өтті.

Үкімет

Алматы, NEGE. «Бірлескен жұмыстың нәтижесінде бюджет қаражаты қайта бөлінді: 30 млрд теңге – өңірлердегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға бағытталған болса; шамамен 4 млрд теңге – бірінші кезектегі шығыстарды қамтамасыз етуге бағытталады. Сонымен қатар дамудың басым бағыттарына 1,4 трлн теңге сома қайта бөлінді»,

— деді министр.

Мәди Такиев биылғы бюджетті қалыптастыру ең жауапты және күрделі процестердің бірі болғанын айтты. Оның айтуынша, бұл нәтиже мен тиімділікке бағдарланған жаңа Бюджет кодексінің қолданылу аясында қалыптастырылған алғашқы бюджет.

Қазір оқып жатыр

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды

«АЛМЭКС» холдингінің құрылымы өзгерді, бірақ Құлыбаевтар позициясын сақтап қалды

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады