БҰҰ: Израиль басшылары жауапқа тартылуы керек

Ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерриш Израильдің халықаралық құқықты бұзғанын және бұл үшін кінәлілер жауапқа тартылуы керек екенін хабарлады. 

ғаламтордан

Алиаты, NEGE. Журналистер Гутерришке израильдік әскерилердің бейбіт палестиналықтарды атып өлтіруге бұйрық алғаны туралы ақпаратты еске салып, "ұйымға мүше мемлекеттер Израильге қарсы санкциялар енгізетін уақыт келген жоқ па?" деп сұраған.

"Бұл үшін арнайы есептің қажеті жоқ, Израильдің халықаралық құқықты өрескел бұзғаны анық. Мұндай заңбұзушылықтар болған жағдайда кінәлілер сөзсіз жауапқа тартылуға тиіс", — деп айтты Бас хатшы.

Гутерриш сондай-ақ АҚШ пен Израильдің қолдауымен құрылған "Газаға гуманитарлық көмек қорының" гуманитарлық көмек тарату орталықтарында бейбіт тұрғындардың қаза табуы туралы жалған ақпарат таратты деген айыптауына пікір білдірді.

"Баршаңыз көрген бейнежазбаларды біз ойдан шығарған жоқпыз", — деп қысқа қайырды ол.

Сонымен қатар Газа секторында атысты тоқтату жөніндегі жаңа бастамаларға қатысты сұраққа жауап берген Гутерриш "біз Палестина әкімшілігі ұсынған бейбіт бастамаларды толығымен қолдаймыз" деді.

Қазір оқып жатыр

Сәби саудасы: Қызылордада қоғамдық қордың жетекшісі ұсталды

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады