БҰҰ Бас хатшысы: Миллиондаған мұсылман соғыс кесірінен Рамазан мерекесін тойлай алмай отыр

Антонио Гутерриш қасиетті Рамазан айының аяқталуына байланысты үндеу жасады. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. — Миллиондаған мұсылман жойқын соғыс пен қақтығыс салдарынан Рамазан мейрамын отбасыларымен тойлау мүмкіндігінен айырылды, — деді Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш.

Ол мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен құттықтады.

— Мен барша әлем мұсылмандарына Рамазандағы ораза айт мейрамына орай ізгі тілегімді жолдағым келеді. Десе де, құттықтау жолдай отырып, соғыс пен қақтығыстың сондай-ақ мәжбүрлі қоныс аудару салдарынан бұл күнді отбасымен бірге атап өте алмаған мұсылмандарды ойласам қабырғам қайысады, - деп жазды Гутерриш X әлеуметтік желісіндегі парақшасына.

Ол Ораза айт ынтымақ пен мейірімділіктің белгісі екенін атап өтті. БҰҰ басшысы бұл мейрам адамдарды, олардың құндылықтарын біріктіретініне үмітті екенін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда Ташиевке төңкеріс жасауға әрекеттену ісі бойынша айып тағылды

Сәби саудасы: Қызылордада қоғамдық қордың жетекшісі ұсталды

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?