Бұрынғы әкімнің бауыры ұсталды
«Бескөл құс фабрикасы» ЖСС директоры Ерік Білялов 500 млн теңге «жымқырды» деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлады ҚазТАГ.
Алматы, NEGE. Ерік Білялов – Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі, экс-сенатор Серік Біляловтің және Ақмола облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Берік Біляловтардың туған бауыры. Оған мемлекеттік субсидия алу кезінде 500 млн теңгені жымқырды деп Экономикалық тергеулер департаменті ұстаған. Аталған органның қызметкері оны Петропавл уақытша оқшаулау орнына қамаған, бірақ артынша босатқан көрінеді.