Бұқтырмада аударылған қайықтан төрт адам құтқарылды

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар Бұқтырма су қоймасында аударылған қайықтан төрт адамды аман-есен жағаға жеткізді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Видеодан скрин

АЛМАТЫ, NEGE. Ведомствоның мәліметінше, Алтайка ауылы маңында қайық аударылып, төрт адам борт сыртында қалғаны туралы хабар түскен. Алдымен оқиға орнына жақын жүрген балықшы оларды өз қайығына шығарып, алғашқы көмек көрсеткен.

— Оқиға орнына дереу жеткен ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы азаматтарды катерге отырғызып, жағаға қауіпсіз жеткізді. Зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болмады, — делінген ведомство хабарламасында.

Төтенше жағдайлар министрлігі дауылды немесе желді күндері суға шығудан аулақ болуға, құтқару кеудешелерін міндетті түрде қолдануға және ауа райы болжамына назар аударуға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?