Браконьерлерден не тәркіленді?

«Рейд барысында Қызылорда облысының орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының инспекторлары Қармақшы ауданының аумағында УАЗ маркалы көлікті тоқтатып, заңсыз 1 тонна 153 келі балықты тәркіледі.

Алматы, NEGE. Инспекторлар 1 тонна 153 келі балықтың заңсыз әкетіп бара жатқанын анықтаған. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында жазды. Табиғат қорғаушылар браконьерлерді Қармақшы ауданының полиция бөліміне жеткізді. Қазіргі уақытта аталмыш факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады