Борат стилінде киінген «Брюгге» жанкүйерлері 5 күнге қамалды

Бұл жөнінде Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов хабарлады.

Видеодан скриншот/instagram.com/sorpanews

Астана, NEGE. «Астана Арена» стадионында өткен «Қайрат» пен «Брюгге» арасындағы матч кезінде тәртіп бұзған бельгиялық жанкүйерлер әкімшілік жауапқа тартылған.

Бұған дейін Астана қалалық полиция департаменті тәртіп бұзушылар ұсталғанын, олардың үстінен ұсақ бұзақылық және қоғамдық орында мас күйде жүру фактілері бойынша әкімшілік іс қозғалғанын хабарлаған еді.

Еске салсақ, 20 қаңтарда «Қайрат» футбол командасы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өз алаңында бельгиялық «Брюгге»-ні қабылдады. Алматылық команда қонақтарға есе жіберді. Есеп – 4:1. Ойындағы «Қайраттың» жалғыз голын Әділет Садыбеков салды.

Қазір оқып жатыр

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі

Қазақстан Германияға мұнай жеткізу бағытын өзгертті

Қазақстандықтардың 86 пайызы өзін діндар деп санайды