Болгария Президенті Румен Радев Қазақстанға ресми сапармен келеді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «8-9 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Болгария Президенті Румен Радев елімізге ресми сапармен келеді», – делінген хабарламада.

Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында қазақ-болгар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының перспективасы талқыланады.