"Болашақ" степендиясына кімдер ие болды?

234 үміткер "Болашақ" стипендиясының иегері атанды. Стипендия иегерлерінің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығы ресми сайтында жарияланды.

Алматы, NEGE. "Шет елде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша стипендия магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша алдыңғы қатарлы шетелдік жоғары оқу орындарында білім алатын, сондай-ақ әлемдік ғылыми және өндірістік орталықтарға тағылымдамадан өтетін 234 үміткерге берілді", – делінген хабарламада.

2019 жылғы 26 қарашадағы "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімін МЫНА жерден көруге болады.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, стипендиаттарды бөлу санаттары бойынша өтті: мемлекеттік қызметшілер - 21, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері - 4, өз бетімен түскендер - 200, инженерлік-техникалық қызметкерлер - 12, жалпы конкурс - 65, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер - 19. Аустралия - 4 адам, Ұлыбритания - 242, Канада - 4, Италия - 7, АҚШ - 54, Германия - 2, Бельгия - 2, Ресей - 4, Нидерланды - 2.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты