Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты: Қазақ қыздары чемпион атанды

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Коломбо (Шри-Ланка) қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының финалдық кезеңінде 12 мәрте жеңіске жетті.

ҰОК

Алматы, NEGE. Айта кетейік, біздің спортшыларымыз чемпионаттың барлық салмақ дәрежелерінде финалға шықты. Қазақстандықтар әр салмақ дәрежесінде жеңіске жетті.

Құрлықтық турнирде бірінші орындарды Айым Танкибаева (48 келіге дейін), Сила Биболсынқызы (50 келіге дейін), Рахмина Абдумежитова (52 келіге дейін), Жанель Имантаева (54 келіге дейін), Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін), Толғанай Қасымхан (60 келіге дейін), Алина Құдайгенова (63 келіге дейін), Ақбота Есімбекова (66 келіге дейін), Мария Сидоренко (70 келіге дейін), Зарина Толыбай (75 келіге дейін), Құралай Егінбайқызы (81 келіге дейін), Сабина Жақсылық (81 келіден жоғары) иеленді.

Қазір оқып жатыр

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты

«50 жыл ешкімге керек болмады»: Баян Алагөзова Қыз Жібектің камзолына қатысты өз ойын айтты