Бокстан Қазақстан құрамасы Таиландтағы іріктеу турниріне аттанды

Бокстан Олимпиада жолдамасына таласатын соңғы құрам Таиландтағы іріктеу турниріне ұшып кетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. 24 мамыр мен 2 маусым аралығында Бангкокте (Таиланд) бокстан екінші лицензиялық турнир өтеді.

Бұл Париж Олимпиадасына жолдама беретін соңғы жарыс. Аталған сында ерлер құрамасынан 1, әйелдер құрамасынан 4 боксшы квотаға таласады.

Ерлер арасында 63,5 келі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы шаршы алаңға шығады.

Әйелдер арасында Назым Қызайбай (50 келі), Ұлжан Сәрсенбек (54 келі), Наталья Богданова (66 келі), Валентина Хальзова (75 келі) Олимпиада іріктеуінен өтуге тырысады.

Айта кетелік, бокстан Олимпиада жолдамалары Ханчжоудағы Азия ойындарында және Италиядағы іріктеу сынында үлестірілген болатын.

Қазір оқып жатыр

ІІМ референдум қарсаңында ел тұрғындарына үндеу жасады

Жеңілдетілген ипотекаларға қарамастан, Қазақстанда баспана алу қиындай түскен

Түркістанда фельдшерлердің мәселесін көтерген азамат психиатриялық есепке заңсыз қойылған ба?

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды