Бокстан Гүлназ Бөрібаева Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды

Таиландтың Бангкок қаласында бокстан жастар арасындағы (U22) Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері басталды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта Гүлназ Бөрібаева Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Шешуші кездесуде қазақстандық спортшы өзбекстандық Робияхон Бахтиерованы жеңді.

Айта кетейік, финалдық кезеңде, сондай-ақ, Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін), Шұғыла Нәлібай (75 келіге дейін) және Әсел Тоқтасын (80 келіден жоғары) бақ сынайды.

Қазір оқып жатыр

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады