25 марта 2025 г. 10:21

Бокстан Бразилияда өтетін Әлем кубогына қатысатын қазақстандықтар анықталды

Фото: ҰОК

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бапкерлер штабы Бразилияда өтетін Әлем кубогының бірінші кезеңіне қатысатын спортшыларды анықтады.

Алматы, NEGE. World Boxing ұйымының аясында өтетін турнирде еліміздің намысын келесі боксшылар қорғайды:

– 50 келіге дейін – Нұрзат Оңғарұлы

– 55 келіге дейін – Нұрсұлтан Алтынбек

– 60 келіге дейін – Талғат Сырымбетов

– 65 келіге дейін – Алмат Абдуәлі

– 70 келіге дейін – Дархан Дүйсебай

– 80 келіге дейін – Диас Молжігітов

– 85 келіге дейін – Дәулет Төлемісов

– 90 келіден жоғары – Даниял Сапарбай

Жарыс 30 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді.