Бокстан Азия чемпионатында Санжарәлі Бегалиев чемпион атанды

Бокстан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан U22 санатындағы Азия чемпионатында Санжарәлі Бегалиев чемпион атанды.

ҚБФ

Алматы, NEGE. Қазақстандық боксшы 80 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында Рахматулло Бойматовпен (Өзбекстан) қолғап түйістірді. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Ал Илья Калинин (65 келіге дейін) және Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін) финалда қарсыластарына есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрислам Қалдыбаев (60 келіге дейін) алтыннан алқа таққан еді.

Қазір оқып жатыр

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады