Бокстан Азия чемпионатында Махмұд Сабырхан қарсыласын екінші рет нокаутпен жеңді

Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Махмұд Сабырхан жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҰОК

Алматы, NEGE. Әлем чемпионы Махмұд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта Шри-Ланка боксшысы Джаянатх Кумарамен қолғап түйістірді.

Махмұд бірден ширақтық танытып, дәл соққыларымен қарсыласын тығырыққа тіреді – 5:0. Екінші раундта екі рет есеп ашқаннан кейін рефери жекпе-жекті тоқтатты.

М.Сабырхан осы чемпионатта бірінші жекпе-жегін де мерзімінен бұрын аяқтаған еді.

Қазір оқып жатыр

Рахат Тұрлыханов қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін

Жаңа Конституция: референдум бойынша түпкілікті қорытынды жарияланды

«Ақтөбе» жанкүйерлері Нани мен Love Айканың суретін өшіруді талап етті

Қазақстан туы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды