Бокстан Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан нокаутпен ширек финалға шықты

Бокстан Азия чемпионатында Махмұд Сабырхан нокаутпен ширек финалға шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

ҰОК

Алматы, NEGE. Бокстан Қазақстан құрамасының спортшысы Махмұд Сабырхан (54 келіге дейін) Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. 

Махмұд турнирдегі алғашқы кездесуін тайбэйлік Ян Лин Лайға қарсы өткізді.

Жекпе-жек бір раундқа да созылған жоқ. Сабырхан қарсыласын үш рет нокдаунға жіберіп, төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Осылайша, Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының ширек финалына жолдама алды.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді