Бокстан әйелдер құрамасы жаңа маусымға дайындықты бастады

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы 2028 жылы өтетін Олимпиада ойындарына арналған оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды Olympic.kz.

ҰОК

Алматы, NEGE. Оқу-жаттығу жиынында алғаш рет әйелдер, жастар және жасөспірімдер командалары бас қосты.

Ұлттық құраманың бас бапкері Елдос Сейдалиннің айтуы бойынша бұл бастаманың пайдасы мол.

«2028 жылғы Олимпиада ойындарына дайындықты бастап кеттік. Демек, барлық жас дәрежелерінде бұл додаға үміткерлер бар. Сенбі күні тауға қарай жаяу жүрдік. Осы оқу-жаттығу жиынына 150 спортшы қатысты. Ал қалған жаттығулар өз жастарына сай өтеді. Спортшылардың және жаттықтырушылардың да көңіл-күйі мен жұмысқа деген ынтасы керемет. Жылды жақсы қарқынмен бастап жатырмыз, 2025 жыл берекелі болады деген үміттеміз», – дейді бас бапкер.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді