2 июля 2025 г. 13:40

Бокстан Астанадағы Әлем кубогы: 2 шілдеде тоғыз қазақстандық шаршы алаңға шығады

Фото: ҰОК

2 шілдеде бокстан Әлем кубогының кезекті жарыс күні өтеді.

Астана, NEGE. Қазақстан құрамасының атынан шаршы алаңға тоғыз былғары қолғап шебері шығады.

Күндізгі сессия. Басталуы — 14:00

80 келіге дейін, 1/4 финал

Гүлсая Ержан — Рани Пуйя (Үндістан)

48 келіге дейін, 1/4 финал

Назым Қызайбай — Фарзона Фозилова (Өзбекстан)

51 келіге дейін, 1/8 финал
Алуа Балқыбекова — Дженифер Лозано (АҚШ)

50 келіге дейін, 1/4 финал

Санжар Тәшкенбай — Шодай Кото (Жапония)

85 келіге дейін, 1/4 финал

Бекзад Нұрдәулетов — Лахлан Лоусон (Аустралия)

Кешкі сессия. Басталуы — 19:00

60 келіге дейін, 1/4 финал

Виктория Графеева — Гизем Озер (Түркия)

65 келіге дейін, 1/8 финал

Аида Әбікеева — Дионе Бурман (Ұлыбритания)

65 келіге дейін, 1/8 финал

Ертуған Зейнуллинов — Ахмет Пекель (Түркия)

90 келіге дейін, 1/4 финал

Сағындық Тоғамбай — Малакай Джорджес (АҚШ)

Айта кетейік, турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтуде. Көрермендер үшін кіру — тегін.