Бокстан әлем чемпионаты: Төрехан Сабырхан ширек финалға шықты

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті.

ҰОК

Алматы, NEGE. Төрехан 70 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Роберт Боспен (Нидерланд) қолғап түйістірді.

Отандасымыз үшін бұл жекпе-жек оңай болған жоқ. Бірінші раундта нидерландтық боксшы басым түсті. Дегенмен Төрехан Сабырхан екінші раундта тізгінді қолына алды. Нәтижесінде, төрешілердің шешімі бойынша 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Қазір оқып жатыр

Түркістанда фельдшерлердің мәселесін көтерген азамат психиатриялық есепке заңсыз қойылған ба?

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды

Польшада қазақстандық әйел қаза тапты

Трамп Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша алып тастады