14 сентября 2025 г. 4:00

Бокстан әлем біріншілігі: Наталья Богданова финалға жолдама алды

Фото: ҰОК

Қазақстандық бұрымды боксшы Наталья Богданова Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті.

Алматы, NEGE. Жерлесіміз 70 келіге дейінгі салмақтың финалына шығу үшін Шантель Ридпен (Англия) қолғап түйістірді.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен Наталья Богданова жеңіске жетті.