Бокстан 2025 жылғы Әлем кубогының кезеңі Қазақстанда өтеді

World Boxing ұйымы 2025 жылдың ресми жарыс күнтізбесін жариялады.

olympic.kz

Алматы, NEGE. Күнтізбе бойынша 2025 жылғы Әлем кубогының екінші кезеңі Қазақстанда ұйымдастырылады. Турнир 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді.

Бокстан Әлем кубогы - ерлер мен әйелдер арасындағы үздік боксшылар рейтингтік ұпайларды сарапқа салатын, бірнеше кезеңнен тұратын турнир сериясы.

Сондай-ақ, биыл жыл бойы үш кезең өткізіліп, қараша айында финалдық бәсекелер орын алмақ.

Ал, 2025 жылғы әлем чемпионаты 4-14 қыркүйек аралығында Ұлыбританияда өтетіні белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты