Боксшы Темірлан Мұқатаев Азия чемпионы атанды

Қазақстан ерлер құрамасы Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан U22 санатындағы Азия чемпионатында үшінші алтын медаліне қол жеткізді.

ҰОК

Алматы, NEGE. Темірлан Мұқатаев Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті алтын медальді салды.

Отандасымыз 90 келіге дейінгі салмақтың финалында Шахзод Полвоновты (Өзбекстан) тізе бүктірді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын және екі күміс медаль бар. Бұған дейін Нұрислам Қалдыбаев (60 келіге дейін), Санжарәлі Бегалиев (80 келіге дейін) жеңімпаз атанса, Илья Калинин (65 келіге дейін) және Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін) күміс медаль иеленген болатын.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?