Боксшы Айбек Оралбай Азия ойындарының чемпионы атанды

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Айбек Оралбай Жапонияның Айчи–Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азиадада алтын медаль жеңіп алды.

boxingkazakhstan/instagram.com

Астана, NEGE. 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінің финалдық жекпе-жегінде Айбек Оралбай өзбекстандық боксшы Жахонгир Зокировпен кездесіп, қарсыласын 5:0 есебімен айқын жеңді.

Бұл – Қазақстан құрамасының ХХ жазғы Азия ойындарындағы бокстан екінші алтын жүлдесі.

Бұған дейін 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Төрехан Сабырхан чемпион атанған болатын. Ол финалда Иордания өкілі Зейад Ишаштан 5:0 есебімен басым түсті. 

Осылайша, Төрехан Сабырхан бокстан Азия ойындарындағы 12 жылдық үзілістен кейін Қазақстан құрамасына көптен күткен алтын жүлдені алып берген еді.