Боксшы Аида Әбікеева Олимпиада чемпионын жеңіп, әлем біріншілігінің 1/2 финалына өтті

Қазақстандық Аида Әбікеева бокстан Ливерпульдегі әлем чемпионатының жартылай финалына өтті.

ҰОК

Алматы, NEGE. Бұрымды боксшымыз 65 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.

Аида ширек финалда 2020 жылғы Олимпиада чемпионы түркиялық Бусеназ Сюрменелимен кездесті.

Отандасымыз алғашқы раундтан-ақ қарсыласын тығырыққа тіреді. Нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Аида Әбікеева (65 келіге дейін) кем дегенде әлем чемпионатының қола медаль иегері атанды.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?