Блогерлерге жіберілген салық төлеу туралы хабарлама қате болып шықты

Мемлекеттік кірістер комитеті блогерлерге жіберілген салық төлеу туралы хабарламаға қатысты мәлімдеме жасады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Мемлекеттік кірістер комитеті әртүрлі дереккөздерден алынған мәліметтерді салық декларацияларының деректерімен салыстыру нәтижесінде 594 тұлғада 53,3 млрд теңгеге сәйкессіздіктер шыққанын хабарлаған еді.

1 014 салық туралы хабарламаның ішінде жалпы сомасы 9,8 млрд теңгеге 93 блогерге жіберілген 169 хабарлама кері қайтарылды. Оның себебі хабарламаны жіберу және өңдеу процесінде техникалық қателік кеткен.

«Қазіргі уақытта техникалық қателерді ескере отырып, кері қайтарылған хабарламаларды қайта қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілді», - деп жазылған хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 3 бала қаза тапты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады