USD
USD
USD

53,3 млрд теңге: Мемлекеттік кірістер комитеті табысын жасырған блогерлерді анықтады

Табысын жасырған блогерлерге салық мәселесін шешуге 30 жұмыс күні берілді. 

Блогер
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Мемлекеттік кірістер комитеті әртүрлі дереккөздерден алынған мәліметтерді салық декларацияларының деректерімен салыстыру нәтижесінде 594 тұлғада 53,3 млрд теңгеге сәйкессіздіктер шыққанын анықтады. 

2025 жылдың 13-14 ақпан аралығында «кірістерді төмендету» бұзушылықтары бойынша хабарламалар жіберілді. 

«Хабарламаны орындау мақсатында дербес есептелген салықтарды төлей отырып, қосымша салық есептілігін тапсырылады немесе хабарламамен келіспеген жағдайда түсіндірмені ұсыну қажет. Хабарламаның орындалу мерзімі 30 жұмыс күні. Сонымен қатар, табыс алу кезінде салықтарды төлеу қажеттілігіне, оның ішінде әртүрлі интернет-ресурстарында онлайн-жарнамаларды жариялауға (ақпараттық өнімдерді жылжыту немесе сату, әртүрлі оқыту курстарын сату, ұтыс ойындарын өткізу және т.б.) назар аударамыз. Көрсетілген міндеттемелер Қазақстан Республикасының Конституциясында және Салық кодексінде белгіленген», - делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары