БҚО-да 16 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінген шенеунік қамалды

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында ірі шенеуніктің кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінгені туралы хабарлаған едік.

Pixabay

Алматы, NEGE. БҚО Полиция департаменті ресми жауабында күдікті шенеуніктің ұсталғанын хабарлады.

«БАҚ-та кәмелетке толмаған қыздың әкесі таратқан мәліметтер негізінде қозғалған іс облыстық Полиция департаментінің Тергеу басқармасының өндірісіне қабылданды. Көрсетілген қосымша мәліметтер сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында тексерілді. Күдікті қамауға алынды», – делінген хабарламала.

Іс Полиция департаменті басшылығының бақылауында, прокуратура органдарының қадағалауында.

Қорытынды шешім сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қабылданады.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді