USD
USD
USD

БҚО-да 16 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінген шенеунік жұмыстан қуылды

Күдікті аудан әкімдігі бөлімдерінің бірінде қызмет атқарған.

Шенеунік
Фото: Depositphotos

Астана, NEGE. Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында ірі шенеунік кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген еді.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің Nege.kz-ке хабарлауынша, 2 қаңтар күні полицияға Ақсай қаласының 16 жастағы тұрғынына қатысты құқыққа қарсы әрекет жасалғаны туралы хабарлама түскен. 

Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалған. Арыз тіркелгеннен кейін күдікті атқарып отырған қызметінен босатылған.

Тергеу барысында хат алмасулар және маңызы бар өзге де деректер анықталған.

«Тергеу нәтижесінде кәмелетке толмағанға қатысты күш қолдану фактісі анықталған жоқ», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Полиция ақпаратынша, бұл жайтты жәбірленушінің өзі және анасы да растап, күдіктіге қатысты қандай да бір шағымдары жоқ екенін, қарым-қатынастың өзара келісім негізінде болғанын мәлімдеген.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі полиция басшылығы бақылауға алған.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова