Бивол Бетербиевпен болған жекпе-жектің нәтижесіне апелляциялық шағым түсірді

Ресейлік боксшы Дмитрий Бивол отандасы Артур Бетербиевке қарсы жекпе-жектің нәтижесіне апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы Биволдың менеджері Вадим Корнилов мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. 13 қазанға қараған түні Бетербиев Биволды төрешілер шешімімен жеңіп, жартылай ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атанды. Жекпе-жектен кейін Биволдың командасы төрешілердің шешіміне наразы екенін айтып, наразылық білдіргісі келетінін мәлімдеді.

«Біз барлық ықтимал органдарға шағым түсірдік», - деді дереккөз ТАСС-қа берген түсініктемесінде.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?