Бишімбаевтың бұрынғы әйелі де қысым көріп жатқанын мәлімдеді

Кеше өткен кезекті сот отырысында Нүкенованың өлімі бойынша тағы бір айыпталушы Бақытжан Байжанов Қуандық Бишімбаевтың тарапынан өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеген болатын.

Әлеуметтік желі парақшасынан

Астана, NEGE. Бақытжан Байжановтың адвокаты сотталушылар Бишімбаев пен Байжановтың бөлек отыруын сұраған еді. 

Осы мәлімдемеден кейін Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне де қысым жасалып жатқанын хабарлады.

«Ол Бақытжанды осындай жағдайға түсірді. Тіпті сотта, бүкіл елдің көзінше оған қысым көрсетіп отыр. Жалғыз оған ғана емес, маған да қысым көрсетуде! Бұл өте қорқынышты. Сот Бақытжанды Қуандықтан бөлек отырғызады деп сенемін», - деп жазды Назым Қаһарман. 

Фото: @nazymkakharman

Қазір оқып жатыр

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ