Бес өңірге ескерту жариялады

Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасап.

Алматы, NEGE. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында күндіз тұман болады. 24 ақпанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман сақталады. Көкшетау қаласында дүйсенбі таңертең тұман сақталады. 24 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Дүйсенбі Орал қаласында тұман болады, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 18 м/с жетуі мүмкін.

24 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерінде 18 м/с күтіледі. Дүйсенбі Ақтөбе қаласында күндіз көктайғақ күтіледі. Бүгін Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. 24 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қазір оқып жатыр

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды

Альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Қазақстанда тағы бір блогерге іздеу жарияланды

Алматыда ер адам 12 жастағы балаға пышақпен шабуыл жасап, гитарасын тартып алмақ болған