Бес баланың анасы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Әйгерім Сәттібаева алғашқы кездесуінде жеңіске жетіп, Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Qazaqstan телеарнасы.

ҰОК

Алматы, NEGE. Отандасымыз 48 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қарсыласы филиппиндік Магно Офелионы жеңді. Жартылай финалда өзбек қызы Фарзона Фазиловамен қолғап түйістіреді.

Әйгерім Сәттібаева – көпбалалы ана. Ол жақында ғана спортқа қайта оралып, Қарағанды қаласында өткен «Мықтылар турнирінде» жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, Тайландта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының 10 боксшысы жартылай финалға шықты. Олар: Дулат Бекбауов, Диас Молжігітов, Абылайхан Жүсіпов, Әйгерім Сәттібаева, Аида Әбікеева, Елдана Талипова, Милана Сафронова, Ұлжан Сәрсенбек, Айбек Оралбай, Бекзад Нұрдәулетов.

Қазір оқып жатыр

Талғарда 20 жастағы жігіттің өліміне күдіктілер ұсталды

«Халықты адастыру»: депутат ІІМ-ді қатаң сынады

Британия парламенті жастарға темекі сатуға өмір бойы тыйым салатын заңды мақұлдады

Рахат Тұрлыхановтың үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды