Бектенов Астанадан Нью-Йоркке тікелей рейсті жыл соңына дейін ашуды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Көлік министрлігіне Air Astana компаниясымен бірлесіп, 2026 жылдың соңына дейін Астанадан Токио мен Нью-Йоркке тікелей әуе рейсін ашуды тапсырды.

pixabay.com

Астана, NEGE. Бектеновтің мәлімдеуінше, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стратегиялық жоспарына сәйкес, 2050 жылға қарай жолаушылар саны жылына 12 миллиардтан асады. Ал 2034 жылға қарай коммерциялық ұшақтардың әлемдік паркі екі есеге артады деп болжанған.

«Мұндай жағдайда біз әлемдік авиацияның жаһандық жүйесіне ене отырып, өз орнымызды иеленуіміз керек. Жаңа халықаралық бағыттарды, атап айтқанда Еуропалық одақ елдері мен АҚШ-қа рейстер ашу жұмысын жеделдету қажет. Бұл ретте, билет бағасы бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Әсіресе, Астанадан ұшатын халықаралық әуе бағыттарына ерекше назар аударған жөн», – деді премьер-министр.

Үкімет басшысы Токио мен Нью-Йорктен бөлек, 2027 жылы Астанадан Лондон, Париж, Рим, Вена сияқты Еуропа елдерінің астаналары мен басқа да ірі қалаларына тікелей әуе қатынастарын ашуды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Назарбаевтың екінші жұбайы жұмыс істейтін «Астана Балет» театры шығынға батқан

Тоқаев жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты заңға қол қойды

Қазақстан бойынша Айт намазының кестесі жарияланды

Alatau City-де Орталық Азиядағы алғашқы аэротакси сынақтан өткізілді