«Bek Air» ұшағының апатқа ұшырауының 3 нұсқасы бар

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматы түбінде «Bek Air» ұшағының апатқа ұшырауының 3 нұсқасын атады.

 Алмкаты, NEGE. «Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеуге сәйкес үш нұсқамыз бар. Біріншісі – ұшақ экипажының қателігі. Екінші – ұшақтағы техникалық ақау. Үшінші – әуежайдың навигациялық қызметінің қателігі. Бүгінде 5-6 техникалық сараптама жүргізілу үстінде. Ұшақты жасаған зауыттан мамандар келді. Олар біздің сарапшылармен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Сараптамалар біткеннен кейін нәтижесін айтамыз», – деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай. Оның айтуынша, ұшақтың екінші ұшқысы, бір бортсерік қазіргі уақытта ауруханада реанимацияда жатыр. Ал қалған 2 бортсерік ұшақтың артқы бөлігінде отырғандықтан аман қалды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады