Bek Air әуекомпаниясының басшысы кім?

Әділет министрлігінің өкілдері Bek Air әуекомпаниясының басшылары туралы айтты,

– деді ведомства баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне «BEK AIR» ЖШС әуекомпаниясының құрылтайшыларына қатысты БАҚ-тың көптеген сауалхаты түсті. Заңға сәйкес ЖШС-ның аффилирленген тұлғалары туралы мәліметтер қызметтік, коммерциялық немесе заң бойынша қорғалатын өзге де құпия ақпарат болып саналмайды. Бұл ретте ЖШС құрылтайшылары мен қатысушылары – оның үлестес тұлғалары», – деді Әділет министрлігінің өкілдері. 

«Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметінше, BEK AIR ЖШС 2011 жылдың 12 мамырында тіркелген. Басшысы – Монахов Владимир Михайлович, құрылтайшысы – Жарқымбаев Сәкен Тоқпайұлы. 2017 жылдың 18 сәуірінде құрылтайшының ауысуына байланысты (Шүленбаев Дамир Маратұлы) қайта тіркеу жүргізілді. Үш рет басшы ауысқан. 2013 жыл 29 шілде – Жұмасұлтанова Айгүл Файзуллақызы, 2016 жыл 18 шілде – Жұмасұлтанова Дина Нұрланқызы. 2019 жылыы 25 сәуір – Бияхметов Рустам Ілиясұлы», – деп қосты министрлік өкілдері.

 

Осыған дейін, Bek Air әуекомпаниясының басқарма төрағасы Нұрлан Жұмасұлтанов бұрындары авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру жөніндегі басқарманы басқарғаны айтылды.