Bazis-A және BI Group кірістерін 16,5 миллиард теңгеге кем етіп көрсетті — Қаржы министрлігі

Қаржы министрлігі Bazis-A және BI Group құрылыс компанияларынан анықталған құқықбұзушылықтар туралы хабарлама таратты.

gov.kz

Алматы, NEGE. Министрлік Bazis-A және BI Group-тың кірістерін азайтып көрсеткенін анықтады. 

Ведомствоның мәліметінше, 2022–2023 жылдар аралығында Bazis-A кірісін 4,6 миллиард теңгеге, ал BI Group 11,9 миллиард теңгеге кем көрсеткен.

Қаржы министрлігі компаниялар салық жүктемесін азайту үшін арнайы салық режимдерін қолданғанын атап өтті.

Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандық ірі компанияларды салықты адал төлеуге шақырып, жағдайды түзетуге екі апта уақыт берді.

Қазір оқып жатыр

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды

Прокурор ерлі-зайыпты Жанабыловтармен қандай келісімге келді?