Батыс Қазақстанда колледж студенттері бопсалау күдігімен ұсталды

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері колледждердің бірінің екі студентін бопсалау дерегі бойынша ұстады, деп хабарлады BAQ.KZ.

ашық дереккөз

Алматы, NEGE. Тергеу мәліметінше, күдіктілер төменгі курс студенттерінен күш көрсету және қорқыту арқылы ақша талап еткен.

Аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қылмыстың барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шараларын жүргізуде. Кінәлілер анықталған жағдайда заң аясында жауапқа тартылады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды