Бастықтарға әтір сыйлағысы келген шенді қызметтен босатылды

Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаровтың өкімімен ҚР Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлім басшысының міндетін атқарушы Бахтияр Қуанышбек қызметінен босатылды.

Алматы, NEGE. Бұған дейін Маңғыстаудың Мұнайлы ауданындағы әкімдіктің бөлім басшысы басшыларын иіссумен «сатып алмақ» бол ғаны жазылған видео әлеуметтік желіде тарағанын жазған едік.

Тақырыпқа орай: Бастығына әтір сыйламақ болған шендінің мәселесі майшаммен қаралатын болды

Айта кетейік, видеода Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бахтияр Қуанышбектің әріптестерімен әңгімесі жазылған. Ал сол видеода аты аталған облыстық басқарманың екі басшысы «бұл видеожазба сыбайлас жемқорлыққа шақырады» деп құзырлы орынға арыз-шағым түсірді.

Айта кетейік, Бахтияр Қуанышбеков осыдан бір жарым ай бұрын Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалған болатын.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті