Банк қызметкерлері адам ұрлап, олардың атына несие рәсімдеген: 4 банк бірлескен мәлімдеме жасады

Бұған дейін прокуратура қазақстандық банктердің қызметкерлері 5 жыл бойы адамдарды ұрлап, олардың атына несие рәсімдеп келгенін хабарлаған болатиын. 

pixabay.com

Алматы, NEGE. ҰҚТ құрамына еліміздің түрлі өңірлерінен 25 адам кірген. Олардың арасында бірқатар банктің («Kaspi Bank», «Forte Bank», «Еуразиялық Банк», «Jusan bank») қызметкерлері болған.

Алайда, Kaspi Bank, Forte Bank, Еуразиялық банк және Jusan bank (қазіргі атауы – Alatau City Bank) прокуратура органдарынан ресми хабарлама алмағанын мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта банктерге бұрынғы немесе қазіргі қызметкерлерінің осы қылмыстық іске қатысы бар екендігі жөнінде фактілер белгісіз. Сондықтан біз прокуратураға ресми ақпарат алу үшін жүгінеміз», – делінген бірлескен мәлімдемеде.

Сонымен қатар қаржы институттары ресми құжаттар арқылы расталған ақпарат түскен жағдайда құқық қорғау органдарына тергеу барысында қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған