USD
USD
USD

Елімізде банк қызметкерлері адам ұрлап, олардың атына несие рәсімдеген

Ақмола облысының прокурорлары әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарды ұрлап, олардың атына ірі банктік несиелер рәсімдеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істің тергеуін аяқтады.

Адам ұрлау
Фото: Daily Post Nigeria

Алматы, NEGE. ҰҚТ құрамына еліміздің түрлі өңірлерінен 25 адам кірген. Олардың арасында бірқатар банктердің («Kaspi Bank», «Forte Bank», «Еуразиялық Банк», «Jusan bank») қызметкерлері болған.

Олар 5 жылдан астам уақыт алаяқтық жасаған. Қылмыстардың құрбаны болғандар – Республика бойынша 348 азамат. Келтірілген шығын көлемі 3,7 млрд теңгеге жеткен.

Тергеу барысында қылмыстық жолмен табылған мүліктер анықталды: Алматы қаласындағы пәтерлер мен жер телімдері, қымбат автокөліктер, ірі көлемдегі қолма-қол ақша. Тәркілеудің жалпы құны – 2,7 млрд теңге.

Топтың барлық мүшесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда қылмыстық іс процесс қатысушыларына танысуға берілді, түпкілікті шешімді сот шығарады.

Өзге ақпараттар ҚР ҚПК-нің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жариялауға жатпайды. 

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net